• English
  • Русский
  • Kazakh
СІЗДЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫҢЫЗ ҮШІН САПАЛЫ ШЕШІМДЕР
    ""EXCCOM" (ЭКСКОМ)" компаниясының интернет- сайтына қош келдіңіздер!
    ""EXCCOM" (ЭКСКОМ)" компаниясының интернет- сайтына қош келдіңіздер!

Компанияның кадрлық саясаты

Кадрлық  саясаттың мақсаты–  Компанияның алдында тұрған мақсаттарды  адам ресурстарының әлеуеті  мен корпоративтік өзара іс- қимыл механизмдері арқылы сапалы да шұғыл  шешуге қабілетті, командалық рухты  , жоғары кәсіби еңбек ұжымын қалыптастыру болып табылады.

Компания алдына қойған мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді іске асырады:

— Өз қызметі  аясында үздік мамандарды іздеу, тарту, бекіту және кәсіби дәрежелерін көтеру;

—бастамашыл және шығармашыл қызметкерлердің  әлеуеттік мүмкіндіктерін көрсету мен тұрақты кәсіби өсуі үшін жағдайлар жасау;

— жаңадан қабылданған қызметкерлердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін өнімді пайдалануға жағдай жасай отырып, олардың бейімделуіне жәрдем жасау,

—   қызметкерлердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біздің клиенттердің игілігі үшін дамыту

—  қызметкердің  Компания  жұмыс нәтижелеріне, оның ішінде ұзақ мерзімді дамуына  қосқан үлесін әділ бағалау;

Кадрлық саясаттың негізгі ұстанымдары:

  • өзара қарым-қатынастардың ұзақ мерзімділігі;
  • қызметкердің  біліктілік талаптарына сай келуі
  • компанияның мүдделері мен мақсаттарының, қызметкерлер мен біздің клиенттердің  өзара байланысы
  • қызметкерлердің  білімдері мен тәжірибелерінің, оларды кәсіби оқыту мен  дамытудың маңыздылығының сабақтастығы;
  • сіңірген еңбегі мен жұмыста қол жеткізген нәтижеге  байланысты сыйақы беру және қызметін жоғарылату

Компанияда оның іс- қызметін реттейтін 20- дан астан нормативтік-  құқықтық актілер  әзірленіп, қолданысқа енді.

Call